Колледждегі қашықтықтан оқыту штаттық режимге ауысты және біздің еріктілер қайтадан жұмысқа кірісті. Колледжде қарт, жалғыз тұратын адамдарға көмек көрсету үшін бригадалар құрылады. СҚО-да қалың қар жауғаннан кейін көптеген адамдар үлкен қар құрсауында қалды. Қардан тазартуға көмек қажет адамдар арасында Күлшат Байқанқызы Қойлыбаева да болды. Қазіргі уақытта ол жалғыз тұрады. Күлшат Байқанқызының жұбайы Қасемен еңбек ардагері, көзі тірісінде біздің колледжде физика - математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 4 наурызда ерікті студенттер зейнеткерге үйдің ауласынан қар тазалауға көмектесті.
Қойлыбаевтар отбасы көмек көрсеткен балаларға ризашылықтарын білдірді. Бірақ, олар жас ұрпақтың көмегі мен қолдауына мұқтаж жалғыз қарт үйі емес. Ауа - райының қолайсыздығы басыла салысымен, қардың салдарын өз күштерімен жеңе алмайтын тағы да көптеген қарт адамдар балаларды күтуде.